Екпінді жел тұрып, үсік жүреді
Синоптиктер сенбі жексенбі күндерге қатысты ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлады Elorda.info
«Казгидромет» таратқан мәліметке сәйкес, республиканың басым бөлігінде синоптикалық жағдайға фронттар ықпал етеді.
Соның салдарынан найзағай жарқылдап, екпінді жел тұрады, жаңбыр жауады, еліміздің батысында бұршақ жаууы мүмкін.
Елдің оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда түнгі уақытта жаңбыр мен дымқыл қар жауады. Елдің солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында түнгі және таңертеңгі уақытта тұман түседі.
Елдің көптеген аймақтарында ауа температурасы түнде 2-12 градусқа дейін жылы температура сақталса, жексенбі күні солтүстік облыстардың жекелеген аудандарвнда 1 градусқа дейін үсік жүреді,- деп хабарлады дереккөз.
Сонымен қатар, күндіз елдің солтүстік жартысында 10-20, оңтүстік жартысында – 15-27 градус жылы ауа райы сақталады.