00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Екібастұзда «қызанақ» карантині енгізілді

17 қыркүйек, 2024
Салтанат Мұратқызы Салтанат Мұратқызы
Екібастұзда «қызанақ» карантині енгізілді
Фото: Оңалхан Өнерхан

Жергілікті кәсіпкердің жылыжайының 7,5 гектар алаңында қызанақтардан вирус анықталған, деп хабарлады Elordainfo.kz Pavlodarnews ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.  

Ауыл шаруашылығы министрлігі республикалық фитосанитариялық диагностика және болжау әдістемелік орталығы жариялаған зерттеу қорытындысы бойынша қызанақ жемістерінің вирусы (Tomato brown rugosefruit virus) карантиндік объектіде тіркелген. 

«Осыған байланысты Екібастұз қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 13 қыркүйектегі қаулысымен карантиндік режим енгізілді. Жоба 2024 жылғы 12 қыркүйекте «Ашық НҚА» порталында жарияланған. Вирус анықталған қызанақтың көлемі жойылды», – делінген агенттіктің хабарламасында.

Сонымен қатар, бүгінгі күні жеткізілетін өнім партиясы міндетті түрде алдын ала зертханалық зерттеуден өткізіледі. 

Еске салайық, биылғы сәуірде Қазақстанға Ресейден әкелінген қызанақ тұқымдарынан вирус табылған болатын. Карантиндік бақылау барысында инспекторлар 2700 дана бумадағы өнімді тәркілеп, оны өртеп жіберді.