Еңбек нарығында 7 800-ден астам мамандық сұранысқа ие

Бүгін, 10:35
Кербез Әлішер Кербез Әлішер
Еңбек нарығында 7 800-ден астам мамандық сұранысқа ие
фото: freepik.com

Ел экономикасына орта мерзімді кезеңге 3 миллион адамға жуық кадр қажет болуы мүмкін. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің дерегінше, бұл кадрларға бүгінгі таңда сұраныс құрылымы анықталып қойылған. Олардың үштен бірін қызмет саласы алып отыр. Одан кейін тасымадау мен тауарларды бөлу, өнеркәсіп, ауы шаруашылығы және құрылыс тұр, деп хабарлады Elordainfo.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Бұл деректерді кәсіптік стандарттарды бекіту, білім беру бағдарламаларын қалыптастыру, оқуға білім беру тапсырыстарын бөлу және қайта даярлау жүйесін ұйымдастыру кезінде ескеру қажет. Ол цифрландыру және демографиялық өзгерістер тұсында ерекше маңызды», - деп атап өтті еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Асқар Биахметов.


Бір мезетте цифрландырудың және технологиялық өзгерістердің салдарынан жаңа кәсіптер пайда болуда. Мәселен, әлеуметті тьютор, дрондар операторы, киберқауіпсіздік инженері, цифрлық репутация менеджері, жасанды интеллект маманы және басқалар.

Қазақстанда кәсіби білім беру еңбек нарығына сәйкестендіріп қайта қаралуда

Қазақстанда кәсіби білім беру бағдарламасы қайта қаралуда. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Асқар Биахметовтің мәліметінше қазіргі таңда Ұлттық біліктілік жүйесін дамыту үрдісі жүруде.

 Оның айтуынша, бүгінгі күні еңбек нарығында 7 800-ден астам мамандық сұранысқа ие. Олардың ішінде кәсіптік стандарттармен 4500-ге жуығы қамтамсыз етілген. Білім беру жүйесін еңбек нарығының талаптарына жақындату үшін қазір білім беру бағдарламаларын кәсіптік стандарттарға теңестіру жүргізілуде. Бүгінде олардың негізінде 11 мың білім беру бағдарламасы жаңартылды.
 

Бұдан бөлек, lағдылардың цифрлық банкі ендірілуде.

 Келесі қадам – кәсіптік стандартты әзірлеу процесстеріне жасанды интелектіні ендіру. Бұл еңбек нарығындағы өзгерістерді жедел талдауға, күнделікті процесстерді азайтуға және нақты уақыт режиімінде стандарттарды уақтылы жаңартуды қаматамсыз етуге мүмкіндік береді.