00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Дүкендегі сатушыны пышақпен қорқытқан ер адам қолға түсті

4 маусым, 2024
Сабина Кәкімжан Сабина Кәкімжан
Дүкендегі сатушыны пышақпен қорқытқан ер адам қолға түсті
Фото: Polisia.kz

Қостанайда сатушыны пышақпен қорқытқан ер адам қолға түсті, деп хабарлады Elorda.info  Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Күдікті жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

31 мамыр күні кешкі сағат 9:00 шамасында Карбышев көшесіндегі дүкендердің бірінде белгісіз ер адам сатушыны пышақпен қорқытып, 20 мың теңгеге жуық ақшаны қолды қылған.

Келіп түскен бағдар бойынша пәтерлердің бірінен 33 жастағы жергілікті тұрғын анықталып, ұсталды, -  деді Қостанай облысы Полиция департаменті жедел қимылдайтын арнайы жасақ аға инспекторы Жанболат Жаутин.

Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Ведомствода жыл басынан бері жедел қимылдайтын арнайы жасақ қызметкерлері 22 қылмысты ашқанын атап өтті.