00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Диетолог маман неліктен таза ауада тәбеттің жақсаратынын айтты

24 мамыр, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Диетолог маман неліктен таза ауада тәбеттің жақсаратынын айтты
фото: travelask.ru

Жазда көптеген адамдар кафедегі және үйдегі террассада тамақтануды немесе көкке шығуды ұнатады. Неліктен таза ауада тәбеттің  жақсырақ болатынын диетолог Наталья Круглова айтып өтті, деп хабарлады Elorda.info Radiosputnik.ria.ru-ға сілтеме жасап.

Маманның сөзінше, таза ауада тамақтану кезінде тағамдар әдеттегіден дәмдірек болып көрініп, тәбет жақсара түседі.

Ашық далада дене оттегін көбірек алады, сәйкесінше, мидың барлық бөліктері, әсіресе тәбетке жауаптылары белсенді жұмыс жасайды. Оттегінің ағыны кейде дәмнің субъективті қабылдануына әсер етіп, тағам дәмді болып көрінуі мүмкін. Бірақ астың қорытылуына бұл қатты әсер етпейді,- дейді диетолог. 

Бірақ табиғат аясында тамақтану кезінде тазалыққа көңіл бөлу қажеттігін естен шығармау қажет.

Микробиологиялық қауіпсіздік тұрғысынан ішек инфекциясының қаупін болдырмау үшін аса мұқият болған жөн. Мысалы, қаланың сыртына шыққанда қарапайым дүниелерді ұмытпау керек: көкөніс,  жемістерді жуу, піскен ет үшін шикі еттің ыдысын қолданбау  сияқты қарапайым ережелер бар. Бұндай демалыстарда ештеңеге немқұрайлы қарауға болмайды, - деді маман.

Аударған Мөлдір Мандыбекқызы