00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Cу қоймаларында 75 млрд текше метр су жиналды

Cу қоймаларында 75 млрд текше метр су жиналды
коллаж Еlordaqparat

Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлады Elorda.info.

 Жиналған судың 12 млрд-тан астамы – тасқын суы.

Су тасқыны басталғаннан бері Балқаш көліне 3,3 млрд текше метр су, ал Каспий теңізіне шамамен 6 млрд текше метр су жіберілді. БҚО-ның Қамыс-Самара көлдеріне 80 млн текше метр тасқын су құйылды.

Қызылорда облысының егістік алқаптарына Ұлытау облысынан су жіберілді. Тобыл өзенінде 2000 жылдан бері алғаш рет қарқынды су ағыны байқалды. Жиналған тасқын суы негізінен ауылшаруашылығы мен өнеркәсіпте пайдаланылады. Сондай-ақ жайылмалар мен шабындықтарға бағытталған тасқын суы мал шаруашылығын қажетті жем-шөп қорымен қамтамасыз етуге оң әсер етеді, - деп жазылған хабарламада.

Астана су қоймасын тасқын суымен толтыру 2 млрд теңгеге дейін қаражат үнемдеуге мүмкіндік береді. Биыл Астана су қоймасын толтыру көрсеткіші 99,6%. Бұл жыл бойы елорда тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз етуге, сондай-ақ Есіл өзенінің гидрологиялық жай-күйін жақсарту мүмкіндік береді.