00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Цифрлық майнингпен айналысып, 2 млрд теңге заңсыз кіріс тапқан азамат сотталды

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Цифрлық майнингпен айналысып, 2 млрд теңге заңсыз кіріс тапқан азамат сотталды
Фото-коллаж: Elordainfo.kz

2,5 жыл бойы қамтамасыз етілмеген цифрлық активтер айналымымен айналысып, заңсыз табыс тапқан азамат 5 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлады  Elorda.info Жоғарғы соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Сотталушы сайттың көмегімен қамтамасыз етілмеген цифрлық активтер Bitcoin, Litecoin және Ethereum сатып алу және сату үшін пайдаланған. Ол Nixmoney, Qiwi, Perfect Money, Payеer, ADVCASH Qiwi, Zolotaya Korona, Contact, VISA/Mastercard шетелдік төлем жүйелерінің платформаларында қолма-қол емес шетел валютасын заңсыз айналымнан шығарып,  айырбастау арқылы заңсыз пайда тапқан.

Осылайша 2 миллиард теңгеден астам пайда тауып, заңсыз кірісін жылжымайтын мүлікті сатып алу, сату және жалға беру арқылы заңдастырған. Сот үкімімен оның мүлкі тәркіленіп, 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар, 10 жыл мерзімге цифрлық активтерді шығаруға, сатуға және цифрлық майнингке тыйым салынады.

«Қылмыстық әрекет нәтижесінде алынған 2 миллиард теңгеден астам кіріс сотталушыдан мемлекетке өндірілді. Сотталушы сот залында қамауға алынды», - делінген Жоғарғы соттың хабарламасында.