Британдық журнал Қазақстанды туристік марапатқа ұсынды

28 шілде, 2025
Кербез Әлішер Кербез Әлішер
Британдық журнал Қазақстанды туристік марапатқа ұсынды
Фото: Kazakh Tourism

Қазақстан жыл сайынғы беделді «Wanderlust Reader Travel Awards» сыйлығына үміткерлер тізіміне енді, деп хабарлады Elordainfo.kz Kazakh Tourism-ге сілтеме жасап.

Еліміз «Ең сұранысқа ие жаңа бағыт» санатында ұсынылды.

Ұлыбританияның танымал «Wanderlust» туристік басылымы жыл сайын әлемдегі ең шабыттандыратын және тартымды туристік бағыттарды, саяхат саласындағы үздік сервистер мен қызметтерді анықтайды. 2024 жылы Қазақстан «Ең сұранысқа ие жаңа бағыт» санатында үздік бестікке енді.

Биыл дауыс беру ашылды және ниет білдірушілер Қазақстанды перспективалық туристік бағыт ретінде қолдай алады. Әрбір дауыс маңызды және оған қатысу үшін мына сілтеме бойынша өтуге болады. Бұл сайтқа кіру VPN арқылы қосылуды қажет етуі мүмкін екенін ескеру қажет.
 

Дауыс беру 2025 жылдың 17 қазанына дейін жалғасады. Сыйлықтың жеңімпаздары онлайн-дауыс беру қорытындысы бойынша анықталады және биыл қараша айында Лондонда жарияланады.