00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Ұлттық тасымалдаушы компания БҚО-нан 250 баланы сауықтыру лагерлеріне жеткізді

11 сәуір, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Ұлттық тасымалдаушы компания БҚО-нан 250 баланы сауықтыру лагерлеріне жеткізді
фото: «Жолаушылар тасымалы» АҚ

Ұлттық тасымалдаушы Батыс Қазақстан облысының су басқан аймақтарынан 250-ден астам баланы №8 «Орал-Алматы», №34 «Ақтөбе-Алматы» және №34 «Ақтөбе-Шымкент» бағыттары бойынша балаларды сауықтыру лагерлеріне жеткізді, деп хабарлады Elorda.info.

Бұл шара Оқу-ағарту министрлігінің өтініші бойынша ұйымдастырылып, мамырдың бірінші онкүндігіне дейін жалғасады. Жалпы алғанда, 500-ден астам баланы Қазақстанның түрлі өңірлеріне тасымалдау жоспарланып отыр.  

Балаларды сауықтыру лагерлері Алматы, Шымкент, Тараз, Қостанай, Павлодар, Қонаев, Бурабай және Балқаш қалаларында орналасқан.

Ұлттық тасымалдаушы су тасқыны қаупі бар аймақтан зардап шеккендерге шұғыл көмек көрсету үшін қажетті шараларды қабылдап, күн сайын тұрғындарды эвакуациялауды ұйымдастыру бойынша жұмыстар жүргізеді, - деді «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі.