00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Биыл су заңнамасын бұзушылардан 12 млн теңге өндірілді

Биыл су заңнамасын бұзушылардан 12 млн теңге өндірілді
Фото: Су ресурстары және ирригация министрлігі

Жыл басынан бері су заңнамасын бұзушылардан шамамен 11,9 млн теңге өндірілді, деп хабарлады Elorda.info Су ресурстары және ирригация министрлігіне сілтеме жасап.

Су ресурстары және ирригация министрлігінің бассейндік инспекциялары 6 айда су заңнамасын сақтау бойынша 55 тексеріс жүргізді. 103 құқық бұзушылық анықталды, кемшіліктерді жою бойынша 42 нұсқама берілді. Жалпы сомасы 12,9 млн теңгеге 143 әкімшілік айыппұл салынды, 11,9 млн теңге көлемінде 127 әкімшілік айыппұл өндірілді, 16 әкімшілік іс сотқа берілді.

Министрліктің бассейндік инспекциялары су заңнамасының сақталуын қадағалайды. Құқық бұзушылықтарға қарсы күресті күшейту үшін Су ресурстары және ирригация министрлігінде Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану жөнінде комитет құрылды. Бұл су ресурстарын заңсыз пайдаланудың алдын алуға мүмкіндік береді. Жақында ғана Жамбыл облысында тексеріс жүргізілді. Оның нәтижесі бойынша материалдар Бас прокуратураға жіберілді. Су саласындағы ашықтық министрлік жұмысының басым бағыттарының бірі болып табылады. Сондай-ақ комитет суды заңсыз пайдаланумен, оны есепке алу деректерінің бұрмалануымен және еліміздің су нысандарындағы құқыққа қайшы шаруашылық қызметпен күресетін болады, - деді Су ресурстары және ирригация министрлігінің ресми өкілі Мөлдір Әбдуалиева.