00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Биыл балабақшаларда 80 мыңға жуық жаңа орын ашылады

19 маусым, 2024
Олжас Сүлейменов Олжас Сүлейменов
Биыл балабақшаларда 80 мыңға жуық жаңа орын ашылады
Фото: ашық дереккөз

Елімізде 1 миллионнан астам баланы қамтитын 11,5 мың мектепке дейінгі ұйым жұмыс істейді, деп хабарлады Elorda.info.

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, биыл мектепке дейінгі дайындықты 396 093 бала аяқтайды.

Балалардың мектепке дейінгі білім беру қызметтеріне тең қол жеткізуін қамтамасыз ету мақсатында осы жылдың басынан 10,3 мың орынға арналған 149 мектепке дейінгі ұйым ашылды. Жыл соңына дейін 77,4 мың жаңа орын іске қосылады.