00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Биыл Астанада 23 мектеп пайдалануға беріледі

12 маусым, 2024
Сабина Кәкімжан Сабина Кәкімжан
Биыл Астанада 23 мектеп пайдалануға беріледі
Фото: Elorda.info

Бүгін елордада инклюзивті білім беру ортасын құру тақырыбында отырыс өтті, деп хабарлады Elorda.info.

Оған заң ғылымдарының докторы Есберген Алауханов, Оқу-ағарту министрлігі арнайы және инклюзивті білім департаментінің директоры Лаура Бутабаева, Астана қаласы білім басқармасы басшысы Қасымхан Сенғазыев, Webster университетінің президенті Джулиан Шустер және т.б. қатысты.

Білім саласының мамандары яғни делегация  тәжірибе алмасу мақсатында АҚШ-тағы Webster университетінде болып қайтты. Олар өте жақсы әсер алып, елге оралды. Сол үшін Джулиан Шустерге алғыс айтамын.  Алдағы уақытта да бірге бірлескен жұмыстарды атқара береміз. Инклюзивті білім беру мәселесі жыл сайын өзекті болып тұр.  Биыл қаламызда 23 мектеп пайдалануға беріледі. Соған байланысты кадрлар дайындау мәселесі қолға алынған, - деді Қасымхан Сенғазыев.

Жиында инклюзивті білім беру ортасын құру, ерекше қажеттіліктері бар оқушылар мен студенттерді қолдау және оларға қызмет көрсететін мамандарды дайындау секілді өзекті мәселелер жан-жақты талқыланды.

Мен – инклюзивті білім берудің жанкүйерімін. Инклюзивті білім беру дегеніміз адамға көмектесу және сол арқылы қоғамның дамуы. Бұл тек Орталық Азияның ғана емес, күллі әлемнің проблемасы. Сондықтан жаһандық проблемаға жаһандық шешім қажет. Бүгінде бұл сала бойынша Қазақстанда ЖОО-ы жоқ. Webster  сіздердің де университеттеріңіз деп шын жүрегіммен айтамын. Біз сіздермен іскерлік қарым-қатынас орнату үшін келдік. Мақсатымыз –  бұл салада бір-бірімізбен тәжірибе алмасу, - деді университет президенті Джулиан Шустер.