Бишімбаев ісі: судья Байжановқа тағылған айыптың бірін алып тастады
2 мамыр, 2024
Елорда ақпарат
Фото: Фото: t.me/Jogargy_sot
Астанада әйелін ұрып өлтірді деп айыпталған Қуандық Бишімбаев пен оның туыс інісі Бақытжан Байжановтың ісіне қатысты сот жалғасуда, деп хабарлады Elorda.info.
Айыптаушы тарап Қылмыстық кодекстің 434-бабы бойынша (Қылмыс туралы хабарламау) тағылған айыпты алып тастау туралы өтініш бергендіктен, сот бұл бас тарту бойынша кеңесу бөлмесіне кетті. Кейін судья прокурордың өтініші қанағаттандырылғанын, «Қылмыс туралы хабарламау» бабы бойынша Байжановқа тағылған айыптың алынғанын мәлімдеді.
Еске сала кетсек, 29 сәуірде өткен сот отырысында прокуратура тарапынан айыптаудан Қылмыстық кодекстің 434-бабын («Қылмыс туралы хабарламау») алып тастау туралы өтініш білдіріліп, тек «Қылмысты жасыруды» қалдыру ұсынылды.
Ұқсас жаңалықтар
Бүгін, 12:31
«ҚТЖ»-ға жұмысқа орналастыру үшін 1,5 млн теңге пара алған
Бүгін, 11:15
Ішкі істер министрлігі маңызды мәлімдеме жасады
Бүгін, 10:56
Мемлекеттік қызмет істері агенттігі жасырын қызметтерді анықтады
Бүгін, 10:37
Бас мешіт пен Фатима қолы: Ұлттық банк жаңа коллекциялық монеталарды айналымға шығарады