00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Бірлік пен ынтымақ басты құндылығымыз – Зулфухар Ғайыпов

26 сәуір, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Бірлік пен ынтымақ басты құндылығымыз – Зулфухар Ғайыпов
Фото: Зулфухар Ғайыповтың жеке мұрағатынан

Кеше Мемлекет басшысының қатысуымен Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты ХХХІІІ сессиясы өтті. ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Басқару институтының директоры, елордалық Қоғамдық кеңес төрағасы Зулфухар Ғайыпов осы жиында елдегі тұрақтылық пен бірлікті нығайту үшін Президент өзекті міндеттерге арнайы тоқталғанын айтты, деп хабарлады Elorda.info.

Сессияда Президентіміз әуелі еліміздің бірнеше аймағындағы табиғат апаты Салдарымен күрес туралы атқарылып жатқан ауқымды жұмыстарға тоқталды.

 Осындай қиын-қыстау кезде Қазақстан халқы Ассамблеясы көппен бірге зардап шеккен аймақтағы тұрғындарға қол үшін беріп көмектесіп жатқанын атап өтті. Мұның бәрі өзара жанашырлық  және тілеулестіктің айқын көрінісі екенін Мемлекет басшысы ерекше атап өтті.

Сонымен бірге, Президент Ассамблеяның сессиясы «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» деп аталуының өзінде терең мән жатқандығына тоқталды. Бірлік пен ынтымақ біздің ешқашанда өзгермейтін, ескірмейтін басты құндылығымыз және мемлекеттік саясаттың бұлжымас бағдары болып қала беретінін  шегелеп айтты. Сондай-ақ, ол «Біздің күшіміз біздің әр алаундылығымызда. Барша Қазақстан халқының бірегейлігін айқындайтын, танытатын көк түсті төлқұжатымыз» деді.

Сонымен қатар, елдегі тұрақтылық пен бірлікті нығайту үшін Мемлекет басшысы өзекті міндетке арнайы тоқталды.

Бірінші кезекте, Ассамблея жұмысын еліміздің жаңа гуманитарлық идеологиялық доктринасымен үйлестіру қажет екендігін назарға салды.

Екіншіден, мың құбылған жаһандық жағдайда қазақстандықтарға қоғамда ұлтына қарай ерекшеленуге, оқшаулануға ұмтылған кез келген әрекетке, әсіресе, азаматтарды тіліне, ұлтына, дініне немесе мәдениетіне бола арандатуға, не болмаса кемсітуге мүлде жол бермейтін орта мен толеранттық мәдениетті қалыптастыру  маңызды екенін айтты.

Үшіншіден, Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев Ассамблеяның институционалдық әлеуетін нығайту мәселесіне арнайы тоқталып, Ұйымның мемлекеттік органдармен, Парламентпен және мәслихаттармен қарым-қатынасын жақсарта түсу керек екенін атап өтті. Сонымен бірге Мемлекет басшысы Ассамблея жетекшілеріне мемлекеттік шешім қабылдау үдерісіне және реформаларды жүзеге асыру ісіне белсене қатысуға, этно-әлеуметтік шиеленіс ошақтарын анықтау мен ондай оқиғалардың алдын алуға баса мән беруге  және этномедиацияны дамытуға, Ассамблеяны әлеуметтік тұтастық пен отаншылдықты дәріптейтін институт ретінде күшейту керек екенін ескертті.

Сондай-ақ әкімдерге де жылына екі рет ұлтаралық мәселе бойынша Ассамблеяның жетекшілерімен тұрақты кездесу өткізіп тұруды да тапсырды.

Мемлекет басшысы сөзін қорытындылай келе, еліміз соңғы жылдары аса күрделі сынақтарды бастан өткеріп жатқанын, бірлік пен ынтымақтың арқасында бұл қиындықтың бәрін жеңіп, шынығып, ширап, бұрынғыдан да мықты мемлекет болып шығатынымызға сенім білдірді.