00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Бірқатар автожолдарда жылдамдық режимін тексеретін кешен іске қосылады

19 мамыр, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Бірқатар автожолдарда жылдамдық режимін тексеретін кешен іске қосылады
фото: polisia.kz

Бірқатар автожолдарда жылдамдық режимін тексеруге арналған аппараттық кешен іске қосылады, деп хабарлады Elorda.info Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

«Ішкі істер министрлігі Автомобиль жолдары комитетімен және «ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ-мен бірлесіп, 2023 жылдан бастап қала сыртындағы трассаларда жылдамдық режимінің бұзылуын тіркеу үшін камераларды пайдалануда. Өткен жылы 33 ZEREK-2 бағдарламалық-аппараттық кешені орнатылды. Қазіргі уақытта бұл жұмыс жалғасуда. 20 мамырдан бастап Павлодар – Қалбатау, Бейнеу – Ақжігіт, Орал – Самара, Павлодар – Омбы, Орал – Саратов автожолдарында 21 кешенді іске қосу жоспарланып отыр. Көрсетілген трассаларда ZEREK-2 кешені штаттық режимде жұмыс істейтін болады. ІІМ жүргізушілерді жылдамдық режимін және автокөлік арасындағы қашықтықты сақтауға шақырады»– деді департамент бастығы – ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешев.