«Бір шаршы метр жерім де жоқ»: Даниал Ахметов байлығы туралы бар шындықты жайып салды
15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат
Фото: ашық дереккөзден
Шығыс Қазақстан облысының әкімі мәжіліс депутатының «Өскеменге барсаңыз, жердің бәрі Даниал Ахметовтікі» деген сөзіне қатысты Үкімет кулуарында жауап берді, деп хабарлады Elorda.info.
Бұл - жала сөз. Бір де бір квадрат метр жер жоқ менде. Сол себепті мен ол кісіге ештеме айта алмаймын. Неге десеңіз, оның депутаттық статусы бар. Бірақ, оның сөзі өте мәдениетсіз, - деді Даниал Ахметов.
Еске сала кетейік, Парламенттің жетінші шақырылымының депутаты болған Берік Дүйсенбинов Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов облыстағы әдемі жерлерді өзіне алып алды деп мәлімдеген болатын.
Ұқсас жаңалықтар