Әмір Омарханов пен Заңғар Нұрланұлының қарсыластары анықталды

Фото: ktf.kz
Жасөспірімдер арасындағы Аустралия ашық чемпионатының жеребесі тартылды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Жасөспірімдер арасында әлемнің 4-ракеткасы Әмір Омарханов ертең америкалық Матисс Фарзаммен (45 ITF) ойнайды.
Жасөспірімдер арасында ITF рейтингісінде 39-сатыдағы Заңғар Нұрланұлының алғашқы қарсыласы – аустралиялық Николас Бейкер (306 ITF).
Ә.Омарханов өткен жылы Аустралия біріншілігінде жекелей сында ширек финалға жеткен болатын. Ал З.Нұрланұлы «Үлкен дулыға» турнирінде алғаш рет бақ сынамақшы.
Айта кетейік, жасөспірімдер арасындағы жарыс 18-25 қаңтар аралығында өтеді.
Ұқсас жаңалықтар

Бүгін, 17:24
Қазақстан үстел теннисінен Грузияда өтетін турнирге қатысады

Бүгін, 13:19
Семсерлесуден Қазақстан кубогында алғашқы жеңімпаздар анықталды

Бүгін, 10:08
Шорт-тректен олимпиадалық маусымға арналған Қазақстан құрамасы жарияланды

16 қыркүйек, 2025
Теннистен Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Азия чемпионатында өнер көрсетеді