Білім саласында жұмыс істемейтін тұлғалардың есеп шоттарына заңсыз жалақы аударылған
Фото: ҚР Бас прокуратурасы
Білім саласындағы бюджет қаржысын жымқыруға байланысты қылмыстық істі тексеру аясында мемлекетке 1 млрд теңгеге жуық залал қайтарылды, деп хабарлады Elordainfo.kz ҚР Бас прокуратурасына сілтеме жасап.
Түркістан облысының прокуратурасы Мақтаарал ауданы Білім бөлімінің 43 лауазымды тұлғасы мен жауапты қызметкеріне қатысты бюджет қаржысын (2,4 млрд теңгеден астам) жымқыру фактісі туралы істі сотқа жолдады.
«Жымқыру білім саласында жұмыс істемейтін тұлғалардың есеп шоттарына заңсыз жалақы аудару арқылы жасалған», - делінген хабарламада.
Бүгінгі күні күдіктілер 333,5 млн теңге көлемінде мемлекетке келтірілген залалды қайтарды.
Ұқсас жаңалықтар
31 қазан, 2025
«Күмәнді сілтемелерге өтпеңіз»: Қаржы министрлігі жалған ақпараттарға сенбеуге шақырды
31 қазан, 2025
Сел қауіпті маусымы аяқталды: Қазақстандағы мұздақ көлдер қысқы режимге көшті
31 қазан, 2025
Елімізде 38 млн тонна мал азығы дайындалды
31 қазан, 2025
Қазақстан Қарулы күштері әскери байланысшылар күнін атап өтіп жатыр
