00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Баспасөз картасы туралы норма масс-медиа заңынан алынып тасталды

17 сәуір, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Баспасөз картасы туралы норма масс-медиа заңынан алынып тасталды
Фото: canva.com

Бұл туралы ҚР Парламенті Мәжілісінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлады Elorda.info.

Еске сала кетейік, «Масс-медиа туралы» заң жобасын әзірлеушілер журналистерді аккредиттеу рәсімін жеңілдету және автоматтандыруға арналған баспасөз карталарын енгізуді ұсынған болатын. Бірінші оқылымда талқылау барысында аккредиттеу мен баспасөз картасының тұжырымдамалық айырмашылығының болмауына байланысты бұл норма дау тудырды. Нәтижесінде жұмыс тобы оны заңнан алып тастау туралы шешім қабылдады.

Сондай-ақ «бұқаралық ақпарат», «діни телебағдарлама», «теле-, радиоарнаны есепке қою туралы куәлік» ұғымдары алынып тасталды.

Бұл ретте «журналистің ерекше мәртебесі» және «аккредиттеудің оңайлатылған тәртібі» ұғымдары енгізіліп, «журналистерді (БАҚ өкілдерін) аккредиттеу» және «масс-медиа мониторингі» ұғымдары нақтыланады. Осы орайда уәкілетті органға бұқаралық ақпарат құралдарына мониторинг жүргізу құзыреті жүктеледі.