«Бас редакторлар клубы» бірлестігінің есеп беру конференциясы өтті
Бүгін Астанада «Бас редакторлар клубы» республикалық қоғамдық бірлестігінің есеп беру конференциясы өтті, деп хабарлады Elorda.info.
«Бас редакторлар Клубы» – 2007 жылы құрылған және құрамына Қазақстанның 300-ден астам бұқаралық ақпарат құралдарының бас редакторлары мен жетекшілері кіретін ерікті қоғамдық бірлестік. Бас редакторлар Клубының негізгі мақсаты – мемлекетте шығармашылық атмосферасын нығайту, бұқаралық ақпарат құралдары арасында тиімді бәсекелестікті нығайту, қоғамда ұлтаралық келісім мен тұрақтылықты нығайту.
Есеп беру кездесуінде Клубтың құрылған күнінен бастап атқарған жұмысы мен ұйымдастырған іс-шаралары туралы белгілі журналист, медиаменеджер, ҚР Парламенті Сенатының депутаты, «Бас редакторлар клубы» қоғамдық бірлестігінің президенті Бибігүл Жексенбай баяндама жасады.
Басқосуда қатысқан әріптестердің сұрақтарына жауап қайтарып, клуб мүшелерінің ұсыныс-пікірлері тыңдалды.
Кездесу соңында қоғамдық бірлестіктің жаңа құрамдағы басқарма мүшелері және жаңа мүшелері сайланды.
«Бас редакторлар клубы» қоғамдық бірлестігінің жаңа құрамдағы басқарма мүшелері – вице президенттері:
1. Мұратбек Тоқтағазин – Республикалық «Әділет.Рухани жаңғыру» газетінің бас редакторы, профессор;
2. Ринат Кертаев - «Halyq Uni Media» медиахолдингінің директоры;
3.Қамбар Ахметов– журналист, «Қазақ газеттері» ЖШС бас директоры орынбасары;
4. Марат Башимов – қоғам қайраткері, «Человек и закон» газетінің бас редакторы, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты;
5. Нұрбол Төлебаев – «QRNews.kz» ақпараттық агенттігінің бас директоры, Phd докторы;
Клубтың жаңа мүшелері:
Ильхам Ибрагим - «7 арна» бас директоры;
Жайнагүл Төлеміс - «Хабар» телеарнасының директоры;
Жасын Біркенов - «24KZ» телеарнасының директоры;
Нағашыбек Алдан - «Казинформ» АА бас редакторы;
Нұрбол Төлебаев - QRNews ақпараттық агенттігінің бас директоры;
Зарина Қуатова - «Тараз 24» телеарнасының директоры.
«Бас редакторлар клубы» қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры болып журналист, медиаменеджер Бибігүл Құламан бекітілді.