Балаларға арналған бірыңғай жәрдемақы енгізу туралы ақпарат – жалған
6 наурыз, 2024
Елорда ақпарат
Фото: Мария Конюхова
Мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі балаларға арналған бірыңғай жәрдемақы енгізетіні туралы таралып жатқан ақпарат шындыққа жанаспайды, деп хабарлайды Elorda.info.
Мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде дауыстық хабарламалар мен бейнероликтер арқылы балалы отбасылардағы әрбір балаға 2024 жылғы шілдеден бастап 70 мың теңге мөлшерінде бірыңғай жәрдемақы енгізілетіні туралы жалған ақпарат таратылуда. Бұл ақпарат жалған.
Мемлекеттік қолдаудың тиісті шаралары туралы ресми ақпарат тек қана 1414 нөмірінен СМС-хабарламалар арқылы таратылады.
Азаматтардан тек ресми көздердегі ақпаратты пайдалануын сұраймыз.
Жалған ақпарат тарату заңмен жазаланатынын естеріңізге саламыз, - делінген хабарламада.
Ұқсас жаңалықтар
Бүгін, 15:32
«Жылдың үздік қоғам белсендісі» республикалық байқауына өтінім қабылдау жалғасып жатыр
Бүгін, 13:58
Республикалық маңызы бар жолдарда жаңа индекстер бекітілді
Бүгін, 13:12
Астанада XVII «Жан шуақ» қоғамдық сыйлығы табысталды
Бүгін, 12:31
«ҚТЖ»-ға жұмысқа орналастыру үшін 1,5 млн теңге пара алған