00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

«Бұршақ жаууы мүмкін»: Сәрсенбіге арналған ауа райы болжамы

13 маусым, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
«Бұршақ жаууы мүмкін»: Сәрсенбіге арналған ауа райы болжамы
фото: Оңалхан Өнерхан

Синоптиктер 14 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлады Elorda.info.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, еліміздің басым бөлігінде ауа райы негізінен жауын-шашынсыз.

Оңтүстік-шығыс, солтүстік-шығыс, шығыс, шеткі батыста, күндіз Қазақстанның орталығында қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ жаууы мүмкін, - деп хабарлады синоптиктер.

Республикада желдің күшеюі сақталады, оңтүстікте, оңтүстік-батыста, орталықта – шаңды дауылмен, солтүстікте – тұман.

Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Қызылорда облыстарының басым бөлігінде, Ақтөбенің оңтүстігінде, Түркістан облыстарының шөлді аймақтарында қатты ыстық күтіледі.

Атырау облысының оңтүстігінде өте қатты ыстық сақталады.

Астанада – көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан 9-14 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +6+8°С, күндіз +21+23°С.

Алматыда – көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан 3-8 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +18+20°С, күндіз +30+32°С.

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын жел 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде +20+22°С, күндіз +36+38°С.