00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Бүгін елдің басым бөлігі жауын-шашынды болады

11 қараша, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Бүгін елдің басым бөлігі жауын-шашынды болады
фото: ашық дереккөз

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, бүгін еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар)  болып, қатты жел тұрады , деп хабарлады Elorda.info

Кейбір аймақтарда қалың тұман түсіп, көктайғақ болады.  

Дегенмен, елордамызда күн жауын-шашынсыз. Көшпелі бұлт шығады. Түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан екпіні - 7-12 м/с жел соғады.  Ауа температурасы түнде 0-2°C, күндіз +7+9°C.- ға дейін көтерліеді. 

Алматыда көшпелі бұлт шыққанымен күн жауын-шашынсыз болады. Шығыстан  екпіні - 3-8 м/с  жел соғады.  Ауа температурасы түнде 0+2°C, күндіз +11+13°C.  деп болжанып отыр.

Үшінші мегаполис Шымкентте күннің екінші жартысында жаңбыр болады. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстік-батыстан соғатын жел екпіні - 8-13м/с, күндіз - 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +3+5°С, күндіз +16+18°С.- ға дейін көтеріледі.