00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Азаматтардың 45-ы шизофренияға шалдыққандар қоғамға қауіпті деп есептейді – сауалнама

Азаматтардың 45-ы шизофренияға шалдыққандар қоғамға қауіпті деп есептейді – сауалнама
Фото: Мария Конюхова

Елордада  ел тұрғындарының психикалық денсаулығына қатысты жүргізілген сауалнама нәтижелері жарияланды, деп хабарлады Elorda.info.

Қазақстанда 47 мыңға жуық адамға шизофрения диагнозы қойылған. Әрине, бұл тұрақты бақылауды және ұзақ мерзімді терапияны қажет ететін өте ауыр психикалық бұзылыс. Бірақ медицинада бүгінде жақсы нәтижелерге қол жеткізе алатын және пациенттердің жеке және әлеуметтік қызметін мүмкіндігінше қалпына келтіретін, пациенттердің қанағаттанарлық өмір сүру сапасына қол жеткізе алатын заманауи антипсихотикалық препараттар бар. Шизофренияға шалдыққан адамдардың кем дегенде үштен бірі дұрыс терапияның арқасында симптомдардың толық ремиссиясын сезінеді. Сондықтан шизофренияға шалдыққан адамдар қоғамға қауіп төндірмейді деп сеніммен айта аламыз, - деді Астана қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс бас психиатры Елена Полиенко.

Сауалнама 24 мамыр – Дүниежүзілік шизофрения күніне орай Астана мен Алматы қалаларында жүргізілді. Мұнда 100-ден аса адамнан жауап алынды. Олар – 18 және 65 жас аралығындағы азаматтар.

Респонденттердің 13 пайызы шизофрения диагнозы туралы ешқашан естімеген, 45 пайызы бұл дертке шалдыққандарды қоғамға қауіпті деп санайды. Ал 28% бұл дертке шалдыққандарды қоғамнан оқшаулау қажет деп санайды.

Сауалнама нәтижесінде адамдар бұл ауруға шалдықпағандықтан ол туралы аз білетініне көз жеткіздік. Көшеде жүргізілген сауалнамадан тұрғындардың ауру жайында білуі жас санатына ғана емес, оның тұрғылықты жері ен қай тілде сөйлейтініне қатысты деп қортынды жасауға болады. Мысалы, астаналықтарға қарағанда Алматы тұрғындары бұл дерт туралы көбірек біледі, - деді  «GEDEON RICHTER KZ» ЖШС PR менеджері Динара Бірмағанбетова.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша, әлемде 24 млн адам немесе әрбір үш жүзінші адам шизофренияға шалдыққан.