Қазақстандықтар тамызда неше күн демалады

Бүгін, 15:06
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Қазақстандықтар тамызда неше күн демалады
Фото: Elordainfo.kz

2025 жылдың тамызында қазақстандықтар Конституция күніне байланысты үш күн демалады, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Биыл мемлекеттік мереке саналатын 30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күні сенбіге тап келеді. Еңбек кодексіне сәйкес, егер мереке демалыс күніне сәйкес келсе, қосымша демалыс келесі жұмыс күніне, яғни бұл жолы 1 қыркүйек – дүйсенбіге ауыстырылады.

Осылайша, еліміздің азаматтары 30 және 31 тамыз күндерімен қоса, 1 қыркүйекте де демалып, үш күн қатарынан тыныға алады.

Бұдан бөлек, тамыз айының өзге апталарындағы дәстүрлі сенбі-жексенбі күндері де демалыс ретінде сақталады. Атап айтқанда:

2-3 тамыз,

9-10 тамыз,

16-17 тамыз,

23-24 тамыз,

30-31 тамыз күндері — ресми демалыс күндері саналады.

Жалпы алғанда, 2025 жылдың тамызында қазақстандықтар 10 күн бойы демалады.