Қазақстандықтар қазан айында неше күн демалады
Коллаж: Elordainfo.kz
Биыл қазанда қазақстандықтарға ұлттық мереке – Республика күніне байланысты қосымша демалыс беріледі, деп хабарлады Elordainfo.kz.
2025 жылғы мерекелер мен демалыс күндерінің күнтізбесіне сәйкес, биыл қазанда ел тұрғындары 9 күн демалады. 25 қазан – Республика күні атап өтілетініне байланысты қазақстандықтарға қосымша демалыс беріледі.
2025 жылы Республика күні сенбіге түсіп тұр. Заң бойынша, егер ұлттық мереке демалыс күніне, яғни сенбі немесе жексенбіге сәйкес келсе, онда демалыс бір күнге ұзартылады.
Осылайша, аптасына бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар 25, 26 және 27 қазанда демалады.
Ұқсас жаңалықтар
Бүгін, 20:05
Ақылы трассаларда жылдамдықты асырғандар автоматты түрде тіркеледі
Бүгін, 14:42
Жеке тұлғаларға арналған автолизинг: Сауда министрлігі жаңа жобаны талқылауға шығарды
Бүгін, 11:21
Алматы қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары кісі қолынан қаза болды
28 қазан, 2025
Әскери оқу орындарында қандай жаңашылдықтар бар
