Қазақстандықтар Астана күні мерекесінде 4 күн демалады
28 сәуір, 2023
Елорда ақпарат
Фото: Оңалхан Өнерхан
ҚР Үкіметі Елорда күніне орай демалыс күнін ауыстыру туралы Қаулы қабылдады, деп хабарлады Elorda.info.
Жұмыс уақытын ұтымды пайдалану мақсатында 2023 жылғы 1 шілде, сенбідегі демалыс күні 7 шілдеге, жұма күніне ауыстырылды.
ҚР Үкіметі тиісті Қаулы қабылдады.
Осылайша, бес күндік жұмыс аптасында қазақстандықтар 2023 жылы Астана күніне 6, 7, 8 және 9 шілдеде, яғни төрт күн қатарынан демалады.
Сенбі, 1 шілде жұмыс күні болады.
Демалыс күнін ауыстыру жұмыс істейтін қазақстандықтар үшін мереке күндері уақыттарын алдын ала жоспарлауға мүмкіндік береді.
Ұқсас жаңалықтар
22 қараша, 2024
Запасқа шығарылған ұландықтарға құрмет көрсетілді
22 қараша, 2024
Қазақстан туризм саласындағы жетістіктері мен жоспарларын таныстырды
22 қараша, 2024
«Жылдың үздік қоғам белсендісі» республикалық байқауына өтінім қабылдау жалғасып жатыр
22 қараша, 2024
Республикалық маңызы бар жолдарда жаңа индекстер бекітілді