Қазақстандықтар қаңтар айында қанша күн демалады?
15 тамыз, 2024


Фото: Оңалхан Өнерхан
2024 жылдың алғашқы айында қазақстандықтар неше күн демалатыны белгілі болды, деп хабарлады Elorda.info.
Бес күн жұмыс істейтіндер 2023 жылғы 30, 31 желтоқсанда, 2024 жылғы 1, 2 қаңтарда демалады. Ал алты күн жұмыс істейтіндер 2023 жылғы 31 желтоқсанда, 2024 жылғы 1, 2 қаңтарда демалады.
2024 жылы Рождество жексенбіге түседі. Сондықтан басқа күнге ауыстырылмайды, яғни қосымша демалыс күні болмайды. Рождествода бес күн жұмыс істейтіндер 6, 7 қаңтар, ал алты күн жұмыс істейтіндер 7 қаңтарда демалады.
Айта кетейік, қаңтар айында қазақстандықтар 10 күн демалып, 21 күн жұмыс істейді.
Ұқсас жаңалықтар