07.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Қазақстандағы трассаларда орташа жылдамдықты бақылау енгізілді: тізім

|
Photo: Фото: «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Қазақстандағы трассаларда орташа жылдамдықты бақылау енгізілді: тізім

|
Photo: Фото: «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы

Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында қозғалыстың орташа жылдамдығын бақылайтын автоматтандырылған кешен енгізілді, деп хабарлады Elordainfo.kz «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясына сілтеме жасап.

Орташа жылдамдық келесі учаскелерде бақыланады:

1. Астана – Щучинск (жылдамдыққа шектеу 140 км/сағ);

2. Астана – Павлодар (жылдамдыққа шектеу 140 км/сағ);

3. Шымкент – Қызылорда (жылдамдыққа шектеу 110 км/сағ);

4. Шымкент – Тараз (жылдамдыққа шектеу 110 км/сағ);

5. Павлодар – Семей – Қалбатау (жылдамдыққа шектеу 100-110 км/сағ);

6. Орал - РФ шекарасы (Саратов) (жылдамдыққа шектеу 100 км/сағ);

7. Павлодар - РФ шекарасы (Омбы) (жылдамдыққа шектеу 100-110 км/сағ).

Қауіпсіз жол қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында және айыппұлдарды алдын алу үшін жылдамдық режимін сақтаңыздар.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗