Қазақстанда «Шырша» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр
Жаңа жыл қарсаңында полицейлер «Шырша» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізіп жатыр, деп хабарлады Elorda.info.
Бүгінгі таңда бес жүзге жуық мобильді топ базарлар мен басқа да жерлерде рейдтер жүргізіп жатыр.
Мәселен, Алматы облысында полиция қызметкерлері көлемі 3,5 текше метр болатын ағаштарды тасымалдау дәйегін анықтады.
ҚР ҚК-нің 340-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды (Ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, жою немесе бүлдіру), күдікті ұсталды.
Естеріңізге сала кетейік, ағаштарды немесе бұталарды заңсыз кесу, жою немесе зақымдауға байланысты келтірілген залал сомасына қарай жауапкершілік қарастырылған.
Қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша мүлкі тәркіленіп, 160 АЕК-ке дейін айыппұл не 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қолданылады.
Әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін жеке тұлғалар үшін 50 АЕК, кәсіпкерлік субъектілері үшін 150-ден 500 АЕК мөлшерінде айыппұл салынатын болады.