Қазақстанда полицейлер күшейтілген жұмыс режиміне көшті

Фото: Оңалхан Өнерхан
2 қазаннан бастап ішкі істер органдарының жеке құрамы қызмет өткерудің күшейтілген нұсқасына ауыстырылды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Ішкі істер министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, мемлекеттік органдармен бірлесіп, дауыс беруге арналған учаскелерге комиссиялық тексерулер жүргізіледі. Олардың техникалық сипаттарға және қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі, терроризмге қарсы қорғалуы қаралады.
«Полиция қызметкерлері дауыс беру бюллетеньдері жеткізілген сәттен бастап учаскелер маңында қызмет атқарады. Сондай-ақ полицейлер дауыс беру құжаттамасын жеткізуді сүйемелдейді.
Ел бойынша қоғамдық тәртіпті 33 мыңға жуық қызметкер қамтамасыз етеді, оның 18 мыңы сайлау учаскелерінде», - делінген хабарламада.
Ұқсас жаңалықтар

17 қазан, 2025
Астанада бүлдіршіндер арасында мәнерлеп оқу байқауы өтті

17 қазан, 2025
Елімізде жолаушылар қауіпсіздігіне бақылау күшейтілді

17 қазан, 2025
Қазақстанда құтқару қызметі күшейтіліп жатыр

17 қазан, 2025
Биологиялық қаруға тыйым салу: Қазақстандық және халықаралық сарапшылар қауіпсіздік мәселелерін талқылады