Қазақстанға гүлдер қай елдерден әкелінеді

Фото: freepik.com
Былтыр қаңтар-желтоқсан айларында Қазақстан жалпы сомасы 93,5 млн АҚШ долларына 12,3 мың тонна кесілген гүл мен гүл түйнегін импорттаған, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, былтыр гүл 53 елден, негізінен Еуропа, Оңтүстік Америка және Африкадан әкелінген.
Ең ірі жеткізушілер:
- Эквадор – 6,4 мың тонна;
- Нидерланд – 2,3 мың тонна;
- Қытай – 1,1 мың тонна;
- Колумбия – 978 тонна;
- Кения – 975 тонна.
Айта кетейік, осы кезеңде Қазақстан ТМД елдеріне 1,5 мың тонна кесілген гүл мен гүл түйнегін экспорттаған.
Ұқсас жаңалықтар

5 қыркүйек, 2025
Әуе қорғанысы күштерінің автоматтандырылған басқару жүйесі алғаш рет сынақтан өтті

5 қыркүйек, 2025
Түркістан облысында 90-ға жуық отбасы атаулы әлеуметтік көмекті заңсыз алып келген

5 қыркүйек, 2025
Мүгедектігі бар адамдар инватакси қызметіне 308 мыңнан астам тапсырыс берді

5 қыркүйек, 2025
Ұлттық ұлан сапында 5 тіл білетін сарбаз әскери борышын өтеп жүр