00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Айгүл Қашаева: Ұлтымыздың зияткерлік қуатының негізі – ұстаздар қауымы

2 қыркүйек, 2024
Сабина Кәкімжан Сабина Кәкімжан
Айгүл Қашаева: Ұлтымыздың зияткерлік қуатының негізі – ұстаздар қауымы
Фото-коллаж: Elorda.info

Астана қаласының №87 мектеп-гимназиясының директоры Айгүл Қашаева әлеуметтік желідегі парақшасында Президент Жолдауына қатысты пікірін білдірді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

«Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауын тыңдадым. Мемлекет басшысы  өз Жолдауында еліміздің саяси, әлеуметтік-экономикалық дамуын, қоғамда болып жатқан түрлі өзгерістерді айтып өтті. Ұлтымыздың зияткерлік қуатының негізі ұстаздар қауымы екеніне тоқталды. Мемлекет басшысының бастамаларын толықтай қолдай отырып, білім саласындағы реформаларды жүзеге асыру үшін заман талабына сай жаңашылдықтарды енгізіп, оқушылардың жан-жақты дамуын қамтамасыз ету міндетін қойып отырмыз.  Білім беру жүйесінде әділеттілікті қамтамасыз ету арқылы, біз өскелең ұрпаққа тең мүмкіндіктер беруге, олардың әлеуетін толық ашуға күш саламыз. Мемлекет басшысының ұстаздарға әрқашан қолдау білдіріп отырған сындарлы саясатын қолдаймыз», - деді Айгүл Қашаева.