Ауа-райына байланысты 3 облыста жолдар жабылды
3 облыста республикалық маңызы бар автожолдың учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлады Elorda.info ҚазАвтоЖол ҰК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ауа-райының нашарлауына байланысты (жолды тазалау, қарлы боран, шектеулі көрініс, көктайғақ) 3 облыста республикалық маңызы бар автожолдың 4 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді.
Жамбыл облысында - 1 учаске (79 км)
1. «Алматы-Ташкент-Термез» а/ж 159-238 км, Кенен а. – Қайнар а. (Жаңа Қордай асуы) -79 км;
Жетісу облысында - 2 учаске (223 км)
1. «Үшарал-Достық» а/ж 84-184 км, Көктұма ст.-Достық ст. – 100 км.;
2 «Алматы-Өскемен» а/ж 287-410 км, Талдықорған қ. -Сарқант қ.
Қызылорда облысында - 1 учаске (289 км)
1. «Самара-Шымкент» а/ж 1361-1650 км. Арал қ-Босмандық а.-289 км;
Шектеу көліктің барлық түрлеріне қолданылады.