Атырауға бір топ қоқиқаз ұшып келді
24 маусым, 2024
Салтанат Мұратқызы
коллаж Elorda.info
Құстар Жайық өзенінің сол жақ жағалауында сарқынды су құйылатын «Сасық сай» булану алаңына қонды, деп хабарлады Elorda.info azh.kz сайтына сілтеме жасап.
Мамандардың айтуынша, қызыл кітапқа енген құстардың қаланың дәл осы жерін таңдауына себеп көп.
«Қазіргі уақытта «Сасық сай» және «Квадрат» булану алаңдарын қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр. Бұдан бөлек, қаланың сол жағалауындағы кәріздік тазарту қондырғысының құрылысы аяқталды. Бұл аймақтың экологиялық жағдайының жақсаруына көмектеседі. Бұл жерде қоқиқаздарға қорек болатын ұсақ шаянтәрізділер бар деп болжауға болады», - деді сол жағалау кәріз тазалау құрылыс басшысы Бауыржан Ахмет.
Ұқсас жаңалықтар
Бүгін, 17:53
Запасқа шығарылған ұландықтарға құрмет көрсетілді
Бүгін, 17:23
Қазақстан туризм саласындағы жетістіктері мен жоспарларын таныстырды
Бүгін, 15:32
«Жылдың үздік қоғам белсендісі» республикалық байқауына өтінім қабылдау жалғасып жатыр
Бүгін, 13:58
Республикалық маңызы бар жолдарда жаңа индекстер бекітілді