00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Атырауда тісін жұтып қойған бала тұншығып қалды

Атырауда тісін жұтып қойған бала тұншығып қалды
коллаж Елтай Нұрғазин

Атырауда 5 жасар бала тісін жұтып қойып, 3 рет клиникалық өлімді басынан өткерді, деп хабарлады Elorda.info Ақ Жайық басылымына сілтеме жасап.

11 маусым 19:23-те «103» пультіне баланың тұншығып жатқаны туралы қоңырау түскен. Жедел жәрдем бес минутта келді. Жедел жәрдем келген кезде 5 жасар балада клиникалық өлім тіркелген.

Баланың тамыры соқпай, тыныс алмаған. Әкесінің айтуынша, 10 минут бұрын оның астыңғы алдыңғы тісі түсіп, бала абайсызда оны жұтып қойған. Жедел жәрдем келгенше әкесі өз бетінше жүрек массажын жасады, бірақ нәтиже болмады. Фельдшерлер Мейрамгүл Құрмашева мен Айбек Жеңісов реанимациялық шараларды бастап, барлық құрал-жабдықтарды дайындап, жүрек-өкпе реанимациясына кірісті, 3 циклден кейін бала тыныс ала бастады, – деді Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Әйгерім Сабырова.