Атырауда 500 шақырымнан астам бөгет салынды
Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің өкілі Асқар Шәріп ОКҚ алаңында айтты, деп хабарлады Elorda.info.
Атырау облысында Жайық өзенінің су деңгейіне мониторинг жүргізілді. Су тасқыны жағдайының мониторингі дронның көмегімен жүзеге асырылды. Бөгеттерді нығайту жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Өткен тәулікте Индер, Махамбет, Исатай, Құрманғазы аудандарында 500 шақырымнан астам бөгет салынды. Құлсары қаласында су басқан аумақтан жылжымалы сорғы станциясы мен мотопомпа көмегімен 207 мыңнан астам текше метр су тартылды.
Бұған дейін Алматы қаласы, Қарағанды, Батыс және Солтүстік Қазақстан облыстарына көмекке барған Қорғаныс министрлігі күштері мен құралдарының бір бөлігі тұрақты орналасу орындарына қайтарылды.
Қорғаныс министрлігінің әскери бөлімінің күштері Ақтөбе облысында жалпы ауданы 403 гектар су басқан аумақтарда дезинфекциялау жүргізді, – деді А.Шәріп.