00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

«Атамекен» ҰКП кәсіпкерлерге декларациялау қағидасын түсіндіреді

7 желтоқсан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
«Атамекен» ҰКП кәсіпкерлерге декларациялау қағидасын түсіндіреді
Фото: Оңалхан Өнерхан

Салық кодексіне сәйкес 2024 жылдан бастап жалпыға бірдей декларациялаудың III кезеңі басталады. Соған байланысты ұлттық палата кәсіпкерлерге декларациялау тәртібін түсіндіру үшін семинар ұйымдастырады, деп хабарлады Elorda.info. 

Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияларды 2024 жылғы 1 қаңтарға заңды тұлғаның басшылары, құрылтайшысы және олардың жұбайы және жеке кәсіпкерлер мен олардың жұбайы тапсыруы тиіс. 

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы 8 желтоқсанда сағат 11.00-де Мемлекеттік кірістер комитеті және Учет.kz порталымен бірлесіп, жалпыға бірдей декларациялау бөлігінде салық заңнамасының нормаларын түсіндіру бойынша семинар өткізеді.

Семинарға өңірлік кәсіпкерлер палатасы немесе онлайн форматта мына zoom-сілтеме арқылы қатысуға болады.