Қасым-Жомарт Тоқаев Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті
Фото: akorda.kz
Президенттің Түркістан облысына жұмыс сапары Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етуден басталды, деп хабарлады Elordainfo.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы ақын, ғұлама, бүкіл түркі дүниесіне ортақ рухани ұстаз Қожа Ахмет Ясауидің және кесене аумағында жерленген басқа да тарихи тұлғалардың рухына тағзым етіп, құран бағыштады.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енген кесенеде жүргізіліп жатқан кешенді ғылыми-зерттеу жұмыстары жөнінде баяндалды.
Ұқсас жаңалықтар
Бүгін, 16:01
Ауа райына байланысты «ҚазАвтоЖол» жүргізушілерге ескерту жасады
1 қараша, 2025
Қазақстанның аймақтарында британдық білім беру стандартының ауқымы кеңейіп жатыр
31 қазан, 2025
«Күмәнді сілтемелерге өтпеңіз»: Қаржы министрлігі жалған ақпараттарға сенбеуге шақырды
31 қазан, 2025
Сел қауіпті маусымы аяқталды: Қазақстандағы мұздақ көлдер қысқы режимге көшті
