Асыл тұқымды мал басын көбейтуге бөлінген ақшаны ұрлаған кооператив төрағасы сотталды
Қаржылық мониторинг агенттігі асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға бөлінген мемлекет қаржысын жымқыру және заңдастыру дерегін анықтады, деп хабарлады Elorda.info.
2023 жылы Алматы облысы Ұйғыр ауданында ауыл шаруашылық өндірістік кооперативінің төрағасы аналық қой басының саны және ұрықтандыру тәсілі жайлы жалған ақпарат беріп, 50 млн теңге субсидия алған.
Бұған қоса кооператив төрағасы өзінің қылмыстық табысын көбейту және заңдастыру мақсатында субсиялау талаптарын ескермей, түскен мемлекет қаражатының бір бөлігін кооператив депозитына аударып, пайданы өз қажетіне жаратқан.
«Сот үкімімен кооператив төрағасы мемлекет қаржысын жымқыру және қылмыстық пайданы заңдастыру бойынша кінәлі деп танылып, 6 жыл бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды», - деді ҚР ҚМА баспасөз қызметі.