00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Астананың алтыншы ауданы қалай аталатыны белгілі болды

12 маусым, 2024
Сабина Кәкімжан Сабина Кәкімжан
Астананың алтыншы ауданы қалай аталатыны белгілі болды
Фото: Ерлан Каналимовтың Facebook парақшасынан

Бүгін елордалық мәслихат қабырғасында сарапшылар мен тарихшылардың қатысуымен өткен қоғамдық тыңдаулар барысында елорданың жаңа алтыншы ауданына төрт атау ұсынылды, деп хабарлады Elorda.info.

Бұл туралы қалалық мәслихат төрағасы Ерлан Каналимов әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Нұсқалардың қатарында «Тұран», «Жерұйық», «Сауран» және «Сарайшық». Ұсынылған барлық атауларды қалалық ономастика комиссиясы жинады. Нәтижесінде көпшілік дауыспен Атырау облысы Махамбет ауданы қазіргі Сарайшық ауылының маңындағы Жайық өзенінің оң жағалауындағы XIII - XVI ғасырлардағы ортағасырлық қаланың құрметіне астананың алтыншы ауданын - Сарайшық деп атау туралы шешім қабылданды, - деп жазды Ерлан Каналимов.

Енді ат қою туралы мәселе елордалық мәслихаттың кезектен тыс сессиясына шығарылады, содан кейін Республикалық ономастика комиссиясына жіберіледі.