Астанадағы аптап ыстықтың беті қашан қайтатыны белгілі болды
Синоптиктер Астанадағы аптап ыстықтың беті қашан қайтатынын айтты, деп хабарлады Elorda.info «Қазгидромет» РМК сілтеме жасап.
«Қазгидромет» алдағы 3 күнге арналған ауа райының қысқа мерзімді болжамын жасады. Сонымен, 14 шілдеде ауа температурасының +37-ден +30 градусқа дейін төмендейді.
Еліміздің басым бөлігінде найзағай, қатты жел болып, бұршақ жауады. 14-15 шілдеде елдің солтүстік-батысында, 15 шілдеде республиканың Солтүстік аймақтарында жауын болады, - деп жазылған хабарламада.
14 шілдеде бұлт кейде жаңбыр, найзағай, ал күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Еліміздің Оңтүстік-батысында жел секундына 9-14 метр, кей жерлерде екпіні секундынв жел 20 метрге дейін жетеді. Күндіз ауа температурасы +30-дан +32 градусқа дейін, түнде 21-ден 22 градусқа дейін болады.
15 шілдеде елордада жаңбыр, найзағай және бұршақ жауады деп күтіледі. Желдің екпіні секундына 23 метрге жетеді. Ал ауа температурасы күндікз +23-тен 25 градусқа дейін, түнде +18 градусқа дейін төмендейді.
16 шілдеде бұлтты ауа райы күтіледі. Батыстан соққан жел секундына 9-14 метр, тіпті секундына 15-20 метрге дейін жетуі мүмкін. Ауа температурасы түнде +13-тен +15 градусқа дейін, күндікз +26-дан +28 градусқа дейін көтеріледі.