Астанада хореограф Ақмарал Қайназарованың кітабының таныстырылымы өтті
Бүгін Астанадағы Ұлттық академиялық кітапханада Ақмарал Қайназарованың «Үнді классикалық биі. Қазақстан мен Үндістан» кітабының таныстырылымы өтті, деп хабарлады Elorda.info.
Мұнда алғаш рет үнді классикалық биінің «ұғымы», екі мәдениеттегі би дәстүрінің ортақтығы ұсынылады; Қазақстан мен Үндістан арасындағы мәдени байланыстар туралы; Қазақстанда және шетелде стильдендірілген үнді биінің дамуы туралы баяндалады.
Ақмарал Қайназарова – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, АҚШ, Голливудта «этникалық би» номинациясы бойынша әлем чемпионы – 2003, Үндістанның дәстүрлі өнер түрлерін оқыту бойынша Қазақстан мен Орталық Азиядағы жалғыз «Алматы-Қазақстан, Үнді Классикалық Биі және Йога Орталығының» негізін қалаушы.
Ақмарал Қайназарова «Мәдениет қайраткері» құрмет белгісі мен төсбелгісі, «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері», Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Шапағат» медалімен марапатталған.
Мен Үндістанда 7 жылдай тұрдым. Сол жақта тұрғанда 2 арманым болды. Бірішісі, Алматыда жеке би орталығын ашу, екіншісі үнді классикалық биі жайлы кітап жазу. Сол армандарым орындалды. Үнді классикалық биі - философиялық өнер. Ол рухани құндылықтарға бай, - деді Ақмарал Қайназарова.