00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Астанада 14 млрд теңгеге жуық қаржы жымқырған алаяққа үкім шықты

14 мамыр, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Астанада 14 млрд теңгеге жуық қаржы жымқырған алаяққа үкім шықты
фото: astana.sud.kz

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында аса ірі мөлшерде алаяқтық жасаған азаматқа үкім шықты, деп хабарлады Elorda.info.

М. есімді азамат 2022 жылы мамыр айынан қазанға дейінгі аралықта Б.-ға мемлекеттік және құқық қорғау органдарының жоғары лауазымды тұлғалары арқылы ағасын қамаудан босатып, оған қатысты сотқа дейінгі іс жүргізуді тоқтата алатынын айтып, сеніміне кірген. Сөйтіп жәбірленушінің 13,9 млрд. теңгесін алған.  

«Сот үкімімен М. аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде 10 жыл мерзімге қызмет атқару құқығынан айырыла отырып, мемлекет кірісіне қылмыстық жолмен алынған 5,8 млрд. теңге қаражаты тәркіленіп, 5 жылға бас бостандығынан айырылды», - деді мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі.

Бұған қоса ҚК-нің 49-бабының 2-бөлігі негізінде ҚР Президентіне М.-ті мемлекеттік наградаларынан: «Құрмет» орденінен және 3-дәрежелі «Барыс» орденінен айыру туралы ұсыныс енгізілді.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.