Астанада 1 млрд теңгеге жалған шот-фактура жазып берген кәсіпкер сотталды
29 наурыз, 2024
Елорда ақпарат
Фото: freepik.com
Қаржылық мониторинг агенттігі Астанада тауарлар мен көрсетілмеген қызметтер үшін жалған шот-фактуралар жазып берумен айналысқан кәсіпкерге қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады, деп хабарлады Elorda.info.
Кәсіпкер «Каз Монтаж Энерджи» ЖШС атынан 1 млрд астам сомаға жалған шот-фактураларды жазып берген.
Ұйымдастырушы 2021 жылдың желтоқсан айынан бастап 2022 жылдың маусым айына дейінгі аралықта Астана қаласында бір топ тұлғалармен алдын ала сөз байласу арқылы «Каз Монтаж Энерджи» ЖШС атынан «ТазалыкЭксперт» ЖШС және «Bertys Construction» ЖШС-не іс жүзінде қызмет көрсетпестен шот-фактуралар жазып берген.
Сот үкімімен кәсіпкер 4 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды.
Ұқсас жаңалықтар
Бүгін, 08:59
Демалыс күндері ауа райы қандай болады
22 қараша, 2024
Запасқа шығарылған ұландықтарға құрмет көрсетілді
22 қараша, 2024
Қазақстан туризм саласындағы жетістіктері мен жоспарларын таныстырды
22 қараша, 2024
«Жылдың үздік қоғам белсендісі» республикалық байқауына өтінім қабылдау жалғасып жатыр