00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Астана мен Анкара арасында тікелей рейс ашылады

19 мамыр, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Астана мен Анкара арасында тікелей рейс ашылады
ашық дереккөз

ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті қазақстандық авиакомпаниялармен бірлесіп, халықаралық рейстер санын ұлғайту және ұшу географиясын кеңейту бойынша жұмыс жүргізуде, деп хабарлады Elorda.info.

23 мамырдан бастап «Fly Arystan» авиатасымалдаушысы Airbus – 320 үлгісіндегі әуе кемелерінде аптасына 2 рейс жиілігімен (сейсенбі, сенбі) Астана - Анкара бағыты бойынша тікелей тұрақты жолаушылар рейстерін ашуды жоспарлап отыр, - делінген хабарламада.

Қазақстан мен Түркия арасындағы рейстер санының артуы елдер арасындағы сауда-экономикалық, туристік және мәдени ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал ететін болады.