Қарағанды облысында қар құрсауында қалған Қытай азаматтары құтқарылды

фото: ҚР ТЖМ/ видеодан скриншот
Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының Аққора ауылы маңында қар құрсауында қалып қойған ҚХР азаматтары құтқарылды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
ТЖМ мәліметінше, тасжолдан бұрылып, жолды қысқартпақшы болған шетелдіктердің көлігі қарға батып қалған.
«Құтқарушыларға шетелдіктердің көлігі қар құрсауында қалғаны туралы хабарлама келіп түсті. ТЖМ қызметкерлері оларды Аққора ауылынан 15 шақырым жерден тауып, көлікті тас жолға дейін сүйреп шығарды. Одан кейін аудан орталығына дейін сүйемелдеді», - делінген хабарламада.
Ұқсас жаңалықтар

Бүгін, 12:45
Шаруалар ЖИ көмегімен техниканы лизингке алуға өтініш бере алады

17 қыркүйек, 2025
Қазақстанның ұны АҚШ нарығына шықты

17 қыркүйек, 2025
Ерікті автосақтандыру: қазақстандықтарға КАСКО бойынша қанша төленді

16 қыркүйек, 2025
Ауыл шаруашылығы министрлігі Алматыдағы 120 гектарлық инновациялық бақтың жұмысымен таныстырды