00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Қар жауып, көктайғақ болады

20 қазан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Қар жауып, көктайғақ болады
коллаж Elorda.info

«Қазгидромет» бүгінгі ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлады Elorda.info.

 

Еліміздің кейбір бөлігінде қар жауып, көктайғақ, тұман болады. Сондай-ақ синоптиктер қолайсыз метеорологиялық жағдайлар орын алатынын болжайды.

20 қазанда түнде Ақтөбе облысының шығысында көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. 

Түнде және таңертең Атырау облысының батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде, сондай-ақ түнде және таңертең Атырауда тұман болады деп болжанады. 

Күндіз Қостанай облысының басым бөлігінде қар жауады деп болжанады. Облыстың батысында - көктайғақ, тұман.

Түнде және таңертең Ақмола облысының солтүстігінде, орталығында тұман түсуі ықтимал, - деп жазылған хабарламада.

Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады деп күтіледі. Облыстың шығысында тұман түседі. Облыстың батысында көктайғақ болуы мүмкін. Күндіз облыстың оңтүстігінде оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен соққан желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. 

Маңғыстау облысының орталығында  қатты жаңбыр жауады.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, сондай-ақ солтүстігінде, Абай облысының орталығында тұман түседі деп күтіледі.