00:00
Астана -10oC
Іздеу RU

Қар, жаңбыр, көктайғақ: Бүгінгі ауа райы болжамы

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Қар, жаңбыр, көктайғақ: Бүгінгі ауа райы болжамы
Фото: Оңалхан Өнерхан

19-21 желтоқсанда елдегі қатты аяздың беті қайтады. Қазақстанға солтүстік атлантикалық жылы ауа массасы жылжып келеді, деп хабарлады Elorda.info «Қазгидромет» РМҚ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қыстың нағыз қақаған аязды кезеңі аяқталады. Қазақстан аумағына Атлантикалық мұхиттың солтүстік бөлігіндегі жылы ауа массасы жылжып келеді. Нәтижесінде еліміздің басым бөлігінде ауа температурасы көтеріледі деп күтіледі. Кезекті солтүстік атлантикалық циклонның салдарынан метеожағдайлар нашарлап, боран соғып, қар жауады, ал қардың арты жаңбырға ұласады. Қазақстанның батысы мен оңтүстігінде 21 желтоқсанда кешке, сондай-ақ еліміздің солтүстігінде және орталығында көктайғақ болады деп болжанады, - деп жазылған хабарламада.