00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Антикор: Өртке қарсы қызметтің төрағасына қатысты тергеу аяқталды

28 мамыр, 2024
Торғын Аман Торғын Аман
Антикор: Өртке қарсы қызметтің төрағасына қатысты тергеу аяқталды
Фото: freepik.com

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ТЖМ Өртке қарсы қызметінің төрағасына, Шымкент қаласы мен Жетісу облысы ТЖД бастықтарына қатысты тергеуді аяқтады, деп хабарлады Elorda.info.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің мәлімдеуінше, лауазымды тұлғалар бизнес өкілінен жалпы сомасы 40 млн теңгеден астам пара алды деген күдікке ілінді.

Тергеу соты күдікті адамдарға қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады. Қылмыстық іс Ақмола гарнизонының әскери сотында қаралып жатыр.